АЛТЫНОРДА
Новости КазахстанаРегионы

Ашық хат!

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовке

Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Ә.Исекешовке

Нұр-ОтанПартиясынын Хатшысы: Е.Қаринге

ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің Төрағасы: Ә. Байменовке

Керекулік мәжіліс Депутаттары: Бегентаев М., Нуркина А.;

Мәжіліс Депутаттары: О. Асанқызына, Н.Сабильяновқа

Павлодар облысы Әкімі:Е.Арынға

 

Керекудегі  Лермонтов, Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Сулпак» сауда үйіне  қалтафон сатып алмақшы ниетте кіргенмін. Қазақша сөйлеп, өз тілімде қызмет көрсетуді талап еткенім үшін, күзетпен итеріліп, далаға шығарылып тасталдым.

Сол себепті облыс бас прокуратураның қабылдауында болдым. Тілдер басқармасына хат жолдаймыз, өзіміз де тексеріс жүргіземіз деп қалды.  Сауда үйінде болған масқара жайтты диктофонға жазып алдым. Жағамды ұстағаным барлығы дерлік сатушылар, мені итеріп шыққан күзет қызметкері де қазақтар. Олардың айтқандары: «Мы не говорим по-казахский;  я понимаю, но обслуживать буду на  том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда».

Құрметті мырзалар, қазір де қаламызда орыс мектептері қазақ мектептерінен 8-9 есе көп десем, артық айтпаймын. Расы ішінде араласы да бар, бірақ тәрбие орыс тілінде екені барлығына белгілі. Тіпті таза қазақ 4 мектебінің өзінде үзіліске шыққандардың өзара қатынасы орыс тілінде. Оған көңіл аударып жатқан ұстаздар бірен-сараны болмаса, қайта өздері сол тілде сайрайды! Міне біздің қазіргі де, келешектегі болашағымыз! Бір сөзбен айтқанда жеткен жеріміз осы болса керек. Ал қанша қазақ емес орыстілділермен қазақ тілі жөнінде сөз болса, айтатындары, «Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали».

Ал елдегі осы масқара жағдайды қалыптастырып отырған биліктің қазаққа, қазақтілділерге қарсы үлкен бөлігі! Оның ішіндегі ресей лоббилерімен өз мәңгүрт-зомбилеріміздің саясатының нәтижесі. Енді қалғаны қазақтілділермен орыстілділердің арасында соғыс ашып, мемлекетті  тарқатып, көршілерге, әсіресе ресейге өткіземіз демесеңіздер,  дереу осы  масқараларға шара қодануларыңызы талап етемін!  Ішкі аясаттан бастап: «Слушаю вас», облыс әкімінің хатшысы «Приемная акима области слушает»! Мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік осылай қызмет көрсетеді. Қатынастары тек көрші мемлекеттің мем.тілінде. Өйткені олар жоғарғы билікке қарап өмір сүреді. Өз елінде, қазақтың есебінен отырып, өз тілін сатқан биліктің басым бөлігіне!  Ал қалған жекеменшік мекемелердегі тілдік жағдайды елестете беріңіздер!

Мен, қазақтілді ретінде, осы қалада бейне ұстараның жүзімен жүргендей, жанкешті өмір сүремін. Кеше «Планета электроники»-ден қуылдым, бүгін «Сулпак»-тан, кеше тіліме ұрсып, автовокзалда билет бермей қойды, бүгін  жұмыспен барған ғимаратыма өз тілімде ақпарат ала алмай қайтуға мәжбүр болдым. Аза күні, қалалық  сыммен таратылатын радиоторапта тұрұлуы керек Қазақ радиосының орнына орыстілді «ретро фм», радиосын қойып қояды, әндерімен. Оларға облыстың ішкі саясаты заң бұзғандарына қарамай   араша түседі. Мінекей, Керекудегі, басқа солтүстік қалалардың  да бейнесі. Осы масқараларды жоюға, біршамасына әкімшілік, тілдер басқармасы тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ ол көмектер, өрт сөндірушілердікі сияқты. Бүгін мына жерден пайда болды, ертең басқа жерден тағы болады.

Сондықтан, ұлтымызды ұлтсыздықтан құтқаруға ұмтылуларыңызды талап етемін! 90 пайыз жастардың тілі де, менталитеті де қазақтілді қазаққа қарсы. Оларға бәрібір, қай мемлекетте тұрса да,  тек орыс тілінен ешкім айырмаса болды, ал бұл мемлекетке тікелей төнген қауіп!

Бейсенбай тегі Руза, Кереку қ. Қайрбаев к. 104-136, 8(7182) 51-10-50

Бул ашык хатты бiздiн редакцияга ашынган окырманымыз жiберiп отыр .

хаттын матiнiн озгетпедiк