Зүлфия Чиншанлоға байланысты шыққан шуға орай Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов «Аламан» спорт агенттігіне түсініктеме берді.
Федерация басшысы: « Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанло Қытайға туысқандарына кеткен еді. Манеза қазір елге қайтып келді. Ал Зүлфия 27 қазан күні оралуы тиіс. Ұшаққа билеті сол күнге белгіленген. Қытайлық басылымдағы ақпарат жалған» — деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың «Sohu.com» ақпараттық сайтының бүгінгі санында Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігі жазылған болатын.
Ұлт-ақпарат