Астана. 6 ақпан. Baq.kz- Дюссельдорф университеті философия факультетінің кеңесі Германияның Білім министрі Аннетте Шаванның (Annette Schavan) осыдан 30 жыл бұрын қорғаған кандидаттық диссертациясын заңсыз деп тауып, оны ғылыми атақтан айырды.
Факультет кеңесі жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша 12 адам Шаванды докторлық атақтан айыру керек десе, 2-уі қарсы шыққан, біреуі қағыс қалған. Тәртіп бойынша министр алдағы 4 апта ішінде бұл шешімді қайта қарауға сала алады.
Айта кету керек, Германияның Білім министріне қатысты шатақ былтыр мамыр айында шыққан болатын. Интернетте оның 1980 жылы жазған кандидаттық еңбегі плагиаттық деген ұзынқұлақ хабар тараған. Шаван ғылыми атақ алған Дюссельдорф университеті философия факультетінің деканы Бруно Блекман бұл хабар тексеру үшін арнайы комиссия құрған. Шаван «Тұлға және ар-ұят» тақырыбында диссертация қорғаған екен.
http://baq.kz/news/22893