«Баланың туылғанын тіркеуге электрондық өтінім беру» туралы жаңа қызмет іске қосылды. Бұл жаңа туылған нәрестеге ЖСН және туу туралы куәлікті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді», деп жазылған «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталында.
Осы порталға ата-ананың ЖСН-ы енгізіледі де, онлайн өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады. Ескерте кететін жәйт, бала туғанын тіркеу өтінімі екі айдан кешіктірілмей берілуі керек. Сонымен бірге АХАЖ бөліміне 2008 жылдың 1 маусымынан кейін некеге тұрғандар ғана жоғарыда аталған қызметті пайдалана алады.
http://www.egemen.kz/2013/02/09/358490/