Астана. 11 ақпан. Baq.kz- Бүгін ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов өткен жылы еңбек инспекторлары жұмыс орындарына 17246 тексеру жүргізіп, соның барысында 54,5 еңбек заңнамасын бұзушылықты анықтағанын айтты.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша, оған жауапты лауазымдық тұлғаларға 486,2 млн.теңгенің айыппұлы салынды. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге 3 ай мерзімнен асқан жалақы қарызы үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында 1,1 млрд.теңгені құраған. 2012 жылы өндірісте жарақат алушылардың саны 2241-ге жетсе, соның 278-нде кісі өлімімен аяқталған.
Дәулетқали Асауов
Дәулетқали Асауов
http://baq.kz/news/23129