АЛТЫНОРДА
Новости

Брэд Питт пен Джоли өз виноларын шығаруда

Голливудтың әйгілі жұбы Брэд Питт пен Анджелина Джоли шарап ісін қолға алып отыр.

Францияның оңтүстігіндегі өздеріне тиесілі Шато Мираваль (Chateau Miraval) жер иелігінде алқызыл вино жасап шығару ісінде болып қайтыпты. Әйгілі француз шарап ашытушысы Марк Перреннің айтуынша, Питт пен Джоли шарап жасап шығару ісін толыққанды өз қолдарына алып, бәрін қадағалап отырған.

«Олар Франциядағы ең жақсы виноны жасап шығаруда бар күштің жұмсалып жатқанына көз жеткізгісі келеді» — дейді ол.

«Miraval» маркалы алқызыл вино наурыз айында нарыққа шықпақ. Және айтулы шараптың этикеткасында үш кісі есімі жазылып тұратын болады: Джоли, Питт пен Перрен.

сурет:examiner.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz