АЛТЫНОРДА
Новости

Баянауыл брендке айналмақ

Баянауыл ұлттық саябағындағы табиғат тартулары, соның ішінде «Ежелгі түрік сағаты» аталған тастар мен қайталанбас бейнесі бар жартастар Павлодар облысының брендіне айналуы мүмкін. Туристік саланы дамыту мақсатында аталмыш археологиялық ескерткіштерді жөндеуден өткізу биылғы жылы басталады. Баянауыл ұлттық саябағы аясында туризм кластер жасалып, демалуға арналған нысандар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру көзделген.

– Біздің «Мұртты қорған» деп ата­ла­тын тарихи құндылығымыз әлем бо­йын­­­ша екеу, оның бірі – біздің Бая­н­ауыл­­­да. Биыл жазда аталмыш құн­­­­ды­­лық­ты жа­ңар­ту ойда бар, – деді ай­­­­м­ақ бас­шысы Ер­лан Мұхтарұлы Арын.

Баянауылдың тарихи жәдігерлерін жа­ңартуға кіріскен жергілікті ар­хео­лог­тер «тарихи ескерткіштерді қал­­пына кел­тіру жұмыстары Баянауыл ұлт­тық сая­­бағын Қазақстанның туризм ор­та­лы­ғына айналуына өз септігін ти­гізеді» де­ген ойда. Сондай-ақ олар Баян­ауыл сая­ба­ғының «Ежелгі түрік сағаты» тек қа­на та­рихи жәдігер емес, аймақтың мә­­дени-та­рихи құндылығына ай­нал­ға­нын да айтып отыр.

– Ежелгі мәдениет құндылықтарын жа­ңартып, болашаққа жеткізу керек, ол да біз үшін құнды тарих. Ал Павлодар об­лысы – тарихқа да, мәдени мұраларға да бай өлке. Сондықтан облысымызда мә­дени мұра мен археологиялық нысан­дар­ды мемлекеттік деңгейде қалпына кел­тіру туристік индустрияға қосылған зор үлес деп ойлаймыз, – деді Павлодар мем­лекеттік университеті жанындағы археологиялық зерттеу орталығының директоры Виктор Мерц.

Облыс әкімінің айтуынша, жыл са­йын Баянауыл ұлттық саябағына 150 мың­нан астам турист демалуға келеді екен. Бірақ туристер үшін қызу кезең – тек жаз­дың екі айы, қалған уақытта еш­кім келе қоймайды. Сондықтан ескі ны­сан­дарды жаңартып, жыл он екі ай жұ­мыс жасайтын шаңғы базасын салу көзделген.

– Меймандарымызды қызық­ты­ра­тын табиғат мұражайын орнатсақ, ал­дағы бес жылда Баянауылға демалуға ке­летін туристер саны артатын болады, – дейді облыс әкімі.

Шаңғы базаларын «Сабынды көл» де­малыс айлағы мен Жасыбай көлі жа­ға­сындағы «Мыр­за» шыңына салуды ұсын­ды. Демалыс ай­мағында инфра­құ­ры­лымды жақсарту үшін «Са­бын­ды көл» ішкі стансысынан Жасыбай кө­ліндегі демалыс орнына дейін электр желілері тар­тылатын болды.

Автор: Эльмира АБЕТЖАНОВА, Кереку

http://alashainasy.kz/culture/40319/