АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейде мектеп оқушылары темекі тартпайтыны жөнінде сынақтан өтеді

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын мектеп оқушыларын темекі тартпайтыны жөнінде сынақтан өткізеді, деп жазады Tengrinews.kz «Российская Газета» жазған мәліметке сүйеніп.

 

Дәрігерлер оқушы бойындағы көмір қышқыл газын анықтау арқылы олардың темекіге әуестігін байқайды. Осы арқылы жасөспірімдердің зиянды нәрседен аулақ болуына тосқауыл қойылмақ.

Ресейде темекі шегу салдарынан жылына 400 мыңға дейін адам көз жұмады екен. Олардың дені бала күнінен шылымға құмартқандар. Сондықтан мамандар аймақтағы мектеп оқушыларын түгел сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

 

http://www.egemen.kz/2013/02/19/360085/