АЛТЫНОРДА
Криминальные новости

Полицейлер кәнігі қарақшыны

Бүгінгі таңда қылмыскерлер заманауи мүмкіндіктерді пайдаланып, жасаған қылмысын жасыруға, не болмаса қылмыстық жазадан бой тасалауға ұмтылуда. Мәселен, бір қалада немесе ауылда қылмыс жасаса, басқа аймаққа қоныс аударып, құтылып кетпекші болады. Дегенмен тәртіп сақшылары олардың арамза ойын жүзеге асыртпай, қырағылық танытуда.
Мәселен, үстіміздегі жылдың 9 ақпанында Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері және Алматы қаласы Ішкі істер Департаментіне қарасты Алмалы ҚІІБ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар барысында, Қызылорда қаласының 25 жасар тұрғыны азамат М.Қ. құрықтады.
Бұл азамат Қызылорда қаласында бірнеше азаматты тонап, ізін суытқан еді. Осы қылмыстар бойынша Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы оған іздеу жариялаған болатын. Атап айтқанда, үстіміздегі жылғы 27 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны 37-жасар азаматшаны сағат 01.00 шамасында үйінің жанында бетіне газ шашып, қолындағы сөмкесін тартып алып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Жәбірленушінің қол сөмкесінде 220 мың теңгелік ұялы телефоны болған. Бүгінгі таңда күдіктінің Қызылорда қаласында осындай тәсілмен тағы да 3 азаматшаларды ұрып-соғып тонағаны анықталды. Қаскүнем олардың қол сумкаларын тартып алып, ішіндегі ақша мен ұялы телефондары, тағы да басқа құнды заттарды иеленген.
Сезікті азамат қылмысын то­лық мойындап, қамауға алынды. Қызылорда ҚІІБ Тергеу бөлімі ҚР ҚК 178 бабының 2 тармағымен қылмыстық іс қозғады. Осы бапта қаралғандай, енді қаскүнемнің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Кайрат Матреков

Туркестан газетi