Астана. 25 ақпан. Baq.kz Биылғы жылдың 1 наурызынан жергілікті деңгейде «Қазақтелеком» АҚ желілеріне қосылған телефон операторлары үшін ұялы байланыстың өткізу трафигінің құны 25%-ға арзандайды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс трафигінің өткізу тарифтері орташа 25%-ға арзандайды. Тарифтер жергілікті деңгейде «Қазақтелеком» АҚ желілеріне қосылған және тіркелген телефон байланысы операторларына жағдай жасау іс-шаралары аясында төмендетілмек», — делінген хабарламада.
Жаңа тарифтермен «Қазақтелеком» АҚ-ның www.telecom.kz. ресми порталынан танысуға болады.