АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отандық «агг» аяқ киімдері қашан шығады?

Түрік инвесторлары Семей былғары комбинатын дамытуға қаржы құюды көздеп отыр.
Түрік инвесторлары Семей әкімдігі өкілдеріне жаңа технологиялар тартып, қаладағы


былғары-ішік комбинатын дамытуға 90-100 млн доллар салу жөнінде ұсыныс жасады. Бұл туралы жұма күні журналистерге комбинаттың қаржылық директоры Нұрлан Шаяхметов мәлім етті деп хабарлады Kazakhstan Today.

Жергілікті билік те инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Қаңтар айында Семейге барған премьер-министр Серік Ахметов комбинат проблемасын шешіп, сәнді агг аяқ киімін шығару туралы кеңес берген болатын.

Комбинат жұмысымен танысқан үкімет басшысы «Семейліктер қашан тон киеді?» деп, кәсіпорынның бас директоры Жұмағазы Рахымғалиевке сауал тастаған. Былғары комбинатының жетекшісі «жуық арада» деген жауап беріп, зауыттың өндірісі үш кезеңге жіктеліп отырғанын түсіндірді. «Біріншісі — тері өнімдерін өңдеу, сосын тондар шығару және үшінші кезең — аяқ киімдер шығару. Қазіргі уақытта біз бірінші кезеңдеміз» — деген болатын Рахымғалиев.

«Семей былғары комбинатының жұмысын жүргізуге не кедергі? — деді премьер министр. — Біздің климаттық жағдайымызда оның өнімдеріне сұраныс көп. Желтоқсандағы 15 күнге созылған қатты аяз кезінде сіздердің тондарыңыз болғанда, бәрі сыпырып алар еді. Жұрт пиманың өзін талап алды. Семейде аггз шығаруды әлдеқашан бастап кету керек еді. Қазір біз соның өзін сонау Австралиядан тасып жүрміз. Оны шығарудың еш қиындыға жоқ. Қалыпқа салып, шығара беруге болады. Семей брендімен аггз етігін бүкіл Қазақстанға және Ресейге де таратуға болады».

Аггз (Ugg boots)- қой терісі мен жүнінен жасалатын аяқ киім. Алғаш рет Австралия мен Жаңа Зеландияда пайда болған деген жорамал бар. 20-ғасыр басында австралиялық қойшылар мен фермерлер арасында кең тараған. UGG тауарлық белгісі 1970-жылы Америка құрама штаттарында тіркелді.

http://www.ainalife.kz/