Өткен жылдың 21 желтоқсанында Шымкент қаласының іргесінде «АН-72» ұшағы апатқа ұшырап, 27 азамат қаза тапты. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, бұл қайғылы оқиғаға құрылғылардың істен шығуы мен ауа райының нашарлығына қарамастан әуе кемесін өзі басқармаған командир кінәлі.
Прокуратураның сөзіне сенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне тиесілі «АН-72» әуе кемесінің ұшып бара жатқан кезде қатарынан үш құрылғы жұмыс істемей қалған. Мұндай келеңісіздікті экипаж мүшелері анық білген көрінеді. Бір жағынан сол кездегі ауарайы да қолайсыздық тудырған. Соған қарамастан борт командирі ұшақты өзі басқармай, екінші ұшқышқа штурвалды ұстатқан…
«Қара жер хабар айтпасын», қанша жерден қателік жіберді десек те, ҰҚК ұшқышының өзі де көз жұмды. Егер оның өз басы аман-есен болғанда айтылатын әңгіме басқа болатын еді…
Бізді таңғалдырғаны, әскери ұшақтың бір мезетте үш құрылғысы не үшін істемей қалды? Бұл басқа емес, «сақшы» атанған жауынгерлердің ұшағы емес пе еді? Бұнда бір гәп бары сөзсіз.
Masa.kz