![]() Бұл – ол басылымға көпшілік сұранысының болмағаны. Ал «көп те еместі» кейінге қалдырып отырған себебіміз – осы саусақпен санарлық мерзімнің өзінде-ақ «Айқынның» танымалдылығы ел ішін былай қойғанда, шетелдіктерді де тамсандырып отыр. Оған дәлел – көпшіліктің күнделікті газет сайтына кіріп, басылымның әрбір санына, әрбір материалға пікір білдіріп, атсалысып жататыны. Газетіміз жарық көргелі біраз белесті бағындырды. Өз қуаныштарымызды дер кезінде оқырманмен бөлісіп отырғандықтан, оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталу артық болар. Бір білеріміз – қазіргі таңда қарапайым бұқарадан бастап, шенді мен шекпендіге дейін «Айқынмен» санасатындай дәрежеге жеткеніміз. «Айқынның» ұтатыны – күнделікті шығатыны. Оқырман басылыммен жыл он екі ай байланыста. Еш уақытта қол үзбейді және күнделікті ақпаратпен дер кезінде сусындап отырады. Оның үстіне |
http://www.aikyn.kz