АЛТЫНОРДА
Новости

 Мұқағалитанушының мұрасы

Ақиық ақын Мұқағали Мақа­таев өзі туып-өскен жерi туралы аз жыр жазбаған. Әсіресе, «Ата­ме­кен» дастаны кезінде көпке ұна­ғаны белгілі. Ақынның кез келген өлеңінен табиғаттың көркем бей­несін сезінесіз. 
Дүлдүл ақын дү­ниеге келген өңірді, ондағы жер-су аттары, бірге ғұ­мыр кешкен жан­дар туралы жер­лесі Елеусіз Ахмет­керімұлы да құнды дүниелер жазып келеді. Күні кеше оның «Мұқағали ақын­ның атамекені» атты кітабы 1000 данамен жарық көрді.
Географ-ұстаз әрі заңгер ақын жастайынан әруақты ағасының жырларын жаттап өскен. Тіпті Ма­қатаев мұраларын насихат­тау­шы десе де болады. Яғни – мұқа­ға­ли­танушылардың бірі. Автор­дың жаңа кітабы соған дәлел бола алады. Туындыдан оқырман ақын­ның туған жері жөнінде тың дүние­лермен бірге тарихи дерек­терді де табуға болады.
Кітап мұқағалитанушылар мен ізденушілердің қажетіне жа­рай­тын құнды дүние.

Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ

 

http://www.aikyn.kz