Қазақстан азаматтарын қанша жерден 130 ұлтқа бөлсек те, олардың дүниежүзінде жалғыз атауы бар. Ол – қазақ.
«Қазақпараттың» хабарлауынша, Астанада тәулігіне 60-қа жуық сәби дүниеге келеді екен. Мұндай жаңалықты бүгін Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде аталған ведомство басшысы Айгүл Сегізбаева айтқан.
Басқарма басшысының айтуынша, 2012 жылы елордада 21 266 бала дүниеге келген. Яғни бас қалада айына 1772 немесе тәулігіне 59 сәби дүние есігін ашады. Осы нәтиженің арқасында Астанада туу көрсеткіші 2,5 пайызға өскен. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары көрінеді.
Есейгенде «Менің Қазақстанымды» шырқап, көк туға қарап өсетін 60 қазақты бір күнде қатарға қосып жатқан Елорданың бүгінгі жан саны — 778 мың адам.
masa.kz