– Мемлекеттік БАҚ-тарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі азайса, бұл бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына белгілі бір деңгейде әсер етеді. Әрине, соңғы жылдары мемлекеттік БАҚ-тарға бөлінетін қаржы көлемі өсіп жатқан шығар, бірақ тиісінше, мәселен, біздің «Хабар» агенттігінде» соған сәйкес атқарылып жатқан шаралар да жеткілікті. Былтыр біздің агенттіктің жанынан екі бірдей арнаның тұсауы кесілді. Олар «24 kz» пен «Білім» арнасы. Бұрынғы «Caspionet» арнасының атауы «Kazakh tv» болып өзгерді. Бұл арна алдағы уақытта халықаралық деңгейде тек қазақ және ағылшын тілдерінде хабар таратпақ. Соңғы жылдары «Хабар» мен «Ел арна» да өндіріс көлемін көбейтіп отыр. Сондай-ақ халықаралық пакетке сай шоу-бағдарламаларды көп сатып ала бастадық. Мұның бәрі қаржы шығыны. Қазір «Хабар» агенттігінде бес бірдей арна жұмыс істейді. Көрермен мен оқырман түсінуі керек, бізге бөлінген қаржы тек «Хабар» арнасына ғана емес, 5 арнаның өндірісіне бөлініп жатыр. Мәселен, «24 kz» арнасы күні-түні хабар таратады. Жаңалықтар – ең қымбат дүниенің бірі. Бұл арада әлемдік пен қазақстандық экономикада да инфляция, қымбаттаушылық деңгейі өсіп жатыр. Сондықтан біздің агенттігімізде кез келген салада үнемдеушілік басым. Қарапайым журналист, шығармашылық қызметкердің айлығы, гонорарынан бастап, басқа да қажет боп тұрған, бірақ үнемделген жерлер боп тұрады. Бізде бөлінген қаржыны «қалай да жаратсақ» деген асыра сілтеушілік жоқ. – Марат Тәжин бүгінгі көрермендердің отандық емес, шетелдік арналарға телміріп отырғанын баса айтты. Бұл арада алға мақсат қойды: келесі бірнеше жылда телевизияда жетекші ұлттық арналар көш бастауы тиіс! – Тілдік мәселеге келсек, «Хабар» арнасының басты бәсекелестерінің бірі – «Қазақстан» Ұлттық арнасы жоғары рейтингке ие болып, бірінші сатыдан көрініп жүр. Демографиялық жағдайға байланысты бұдан былай тек қазақша жобаларға сұраныс көп болмақ. Жалпы, «Хабар» арнасының артта қалуына қостілділік те кері әсер етіп жатқан жоқ па? – Шетелде тілшілер қосынын ұстау қаншалықты қымбат дүние? – Жалпы, әлемдік телевизия бүгінде үлкен тоқырауда емес пе? Әңгімелескен |
http://www.aikyn.kz