АЛТЫНОРДА
Новости

Үйі жоқтарға – үндіс лашығы

Америкалық суретші-бизнесмен Сэймур Кортвельче алдағы уақытта үндістердің дәстүрлі лашық-қосынын Қазақстанда шығармақшы. Осыдан екі жыл бұрын Калифорниядан арнайы келген үндіс кәсіпкері иісі қазақтың мәдениетімен кеңінен таныса келе, киіз үйді көріп: «Бұл біздің үндістердің тұрағына қарағанда, әлдеқайда үлкен һәм неше түрлі өрнектермен безендіріліп, мықты жабдықтармен жарақ­талыпты. Ғажап. Бірақ
киіз үйді жасау күрделі екен» деп, тағалғаны бар

 

Енді қазақтың өз жерінде киіз үйді ысырып қойып, үн­дістердің шаңырағы – сүйір келген лашықтарын жасау­ды қолға алмақшы. Бір айта кетер жайт, үндіс лашығы Американың өзінде үлкен сұ­ранысқа ие көрінеді. Өйт­кені елде болған қаржы дағ­дарысында көптеген тұрғын баспаналарының қаража­тын төлей алмай, қаңғып қалған. Ондайларға кез кел­ген уақытта кез келген жерге ті­гіп, көшіп жүре беретін үн­діс лашығы өте тиімді болып тұр. Бағасы да қымбат емес, бір-екі мың доллардың көле­мінде. Қолжетімді.

«Рас, киіз үйдің бағасы қымбат. Бес мың доллардан басталып, он мыңға дейін. Ал осы үндістің арзан ла­шықтарын шығаруды қолға алсақ, өте тиімді һәм пайда­лы болмақ. Баспанасы жоқ­тар қиналмай сатып алып, қажет жеріне орнатып, күн көре берер еді» дейді Сэймур Кортвельче.

Оның айтуынша, кәсіп­орында (қай кәсіпорын екенін кәсіпкер нақтылап айтпа­ған) лашық жасайтын қажет­ті құрал-жабдық даяр, тек шы­ғаруды қолға алу ғана қалып тұрғанға ұқсайды. Лашық-қос­тардың алғашқы партия­сы Ресейге жөнелтіледі. Сұра­ныс болса, қазақстандық­тарға арналып шығарыла бастайды. Осылайша үндіс-кәсіпкер баспанасыз жүр­ген қазақстандықтардың проблемасын лашық арқылы шешіп тастамақ.

http://www.aikyn.kz