Суда да құрлықта да жүре алатын амфибия автобусы енді Жапонияның астанасында іске қосылады.
32 адамды сыйғыза алатын көлік маршруты Токио-Сумидо ауданынан бастау алады. Айта кетелік, осы жерде әлемдегі ең биік Tokyo Sky Tree телемұнарасы орналасқан.
Sky Duck («Аспан үйрегі») деп аталын автобустың ерекшелігі — көлік ешқандай алдын ала дайындықсыз құрлықтан суға түсіп, саяхатын жалғастыра береді.
Дәл осындай маршрут бұған дейін Жапонияның Кобе қаласында іске қосылған болатын. Бұл мүмкіндік енді Токиға да келіп жетті. Бұдан былай қала тұрғындары және қонақтары каналдар мен табиғи парктарды аралап, қызыққа бата алады. Транспорт құрлықта 100 км/сағ, суда 13 км/сағ жылдамдықты бағындыра алады.
Автобусты құрастырған «Хиномару Дзидося» компаниясының айтуынша, көлікті тек туристерді қыдырту үшін емес, апаттық жағдайларда халықты құтқару үшін де пайдалануға болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: rt.com, nipponnews.net
http://massaget.kz