АЛТЫНОРДА
Новости

Латынға көшу — кирилл қарпімен жазылған құнды дүниеден безіну емес

АСТАНА. 25 наурыз. Baq.kz — Павлодарда өткен «Ұлт тағдыры» пікірсайыс клубының отырысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Айтмұхамет Тұрышев осылай деп ой айтты.

 

Латын қарпыне көшу – заман талабы. Бұл мәселені өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары академик Әбдуәли Қайдаров көтерген еді. Содан бері біз латын қарпын ғылыми ортада талқылаумен келеміз.
Ал әзірбайжан мен өзбек ағайындарымыз бірден батыл шешім қабылдап, латын жазуына көшіп алды. Түріктер болса араб жазуынан латынға аусқалы қашан. Сөйте тұра олар Ислам өркениетінен алыстаған емес. Бізге де енді сөзден іске көшетін мезгіл жетті. Өз басым латын қарпын келесі жылдан бастап енгізе басталуын құп көремін. Себебі, алдымен мамандар даярлау керек, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдарын дайындау қажет.
Біз латын әліпбиі арқылы Еуропа мәдениетіне жақындаймыз. Бірақ бұл – кирилицамен жазылған дүниелерден безіну емес. Егер құнды дүние болса, ол міндетті түрде латын жазуымен қайта жарық көреді. Тіпті, Мәшһүр Жүсіптің қадыммен хатқа түсірілген туындыларын қазіргі жазумен қайта теріп, ондаған том қылып шығарып жатырмыз. Демек, замануи технологияны пайдалана отырып, құнды дүниелердің кириллицадан латынға ауыстыруда еш қиындық туғызбайды.
http://baq.kz/news/25215