АЛТЫНОРДА
Новости

Австралияда 388 метрлік ғимарат тұрғызылатын болды

Австралияда Жердің оңтүстік жарты шарындағы ең биік нысан болады деген ғимараттың жобасы мақұлданды. Оның биіктігі 388 метр құрап, елдің үлкен қалаларының бірі Мельбурнде тұрғызылатын болды. Онда әртүрлі апартаменттер мен отельдер орналасатын болады.

1

Ғимарат Australia 108 деген атқа ие болып үлгерді. Жоба жергілікті Fender Katsaladis сәулет студиясының көмегімен жасалды. Ғимарат 294 метрлік Eureka Tower атты ғимараттың жанында орналасады деп жоспарланған.

2

Жаңа нысанда 108 қабат болмақ. Бастапқыда қалалық кеңестен үлкен сынға ұшыраған жоба ақыры тұрғызылатын болып шешілген.

3

Australia 108 ғимаратының құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Бірақ, Австралияда салынатын ғимарат Жердің оңтүстік жарты шарындағы ең биік ғимарат деген статусынан салынған жылы-ақ айырылатын сияқты. Өйткені сол жылы ОАР-да 447 метрлік Centurion-Symbio City tower мұнарасы да ашылмақ екен.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

http://massaget.kz