АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда үнді биі салтанат құрады

Алматы. 3 сәуір. Baq.kz Алматыда үндінің классикалық билерінің кеші өтеді. Би өнерінің халықара­лық күніне арналған шараға Үндістаннан катхак биінің танымал шеберлері келеді. 

 

Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жә­не Алматы қаласы мәдениет басқарма­сы­ның қолдауымен өтетін шара Қазақстан мен Үндістан Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды ны­ғайтуды көздейді. Би өнеріне арналған концерт сәуірдің 6-сы күні Жамбыл атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік филармониясының залында сағат 18:00-де өтеді. Концертке әлемге әйгілі бишілер Пандит Раджендра Гангани мен Свати Синха және Алматы қа­ла­сындағы Үнді классикалық биі орталы­ғының өнерпаздары қатысады. Бағдар­лама үнді халқының рухани мәдениетінен, гуманизмінен, оптимизмге толы өмірінен мағлұмат береді. Гангани – үнді халқының классикалық биінің бір стилі – катхакты да­мытып, дүниежүзі бойынша кәсіби кат­хакшылар тәрбиелеп жүрген гуру. Ол биші ғана емес, орындаушы, композитор, музыкант та. Ал Синха – Ганганидің шәкір­ті, өзіндік стилі қалыптастқан шебер. Ал­ма­тыдағы Үнді классикалық биі орталығы – Орталық Азиядағы үнді биін насихат­тайтын тұңғыш әрі жалғыз халықаралық ұйым. Жетекшісі – хореограф, ЮНЕСКО жа­нындағы Халықаралық би кеңесінің мү­шесі, ҚР мәдениет қайраткері Ақмарал Қай­назарова.

Автор: Болатбек МҰХТАРОВ

Алаш айнасы