Өткен аптада Анджелина Джоли Конгодан болып, сондағы кедейлермен тілдесіп қайтты.
Кабулға жақын жерден ол өз ақшасына 200-ден 300-ге дейін оқушы білім алатын қыздарға арналған мектеп ашты. Джоли үшін бұл тек бастамасы ғана. Ол өз жоспарын толық айтпаса да, әлі талай жобаға қаржылай көмек көрсетпек көрінеді.
Бұл жоспарларын жүзеге асыру үшін ол өзі жасаған Style of Jolie коллекциясының әшекей бұйымдарын сатпақ. Әшекей бұйымдар дүкендерге түсіп сатылысымен-ақ, қаржы бірден Education Partnership for Children of Conflict қайырымдылық қорына аударылады.
«Әшекей бұйымдарды жасаудан алатын ләззаттан да артық дүние бар екен. Ол — кедейшілік ғұмыр кешіп жүрген жандарға көмектесу», — дейді актриса.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет:kinru.ru, aif.ru