АЛТЫНОРДА
Новости

Музыка кемесі

Лос-Анджелес қаласындағы Уолт Дисней атындағы концерт заты – әлемнің ең үздік концерттік залдарының көшін бастап тұр және ғимарат аталған қаланың ең негізгі көрікті орындарының бірі саналады. Екінші жағынан бұл әлемді аузына қаратқан Лос-Анджелестік филармониялық оркестр мен Los Angeles Master Chorale хорының үй сахнасы, негізгі мекені.

Фрэнк Геридің қолынан шыққан сәулет өнерінің озық үлгісі құрылыс жұмыстарын 2003 жылы аяқтаған болатын. Ол осы ғимаратты дүниеге әкелу үшін 16 жыл ғұмырын сарп етіп, қажырлы еңбек еткен. Ғимараттың негізгі қаржыландыру жұмыстарын Уолт Диснейдің жесіріөз мойнына алған. Әйел 1987 жылы концерттік зал үшін 50 млн. доллар қаржы бөлген. Ал жобаны жүргізуге кеткен барлық қаржы 274 млн. долларды құрайды.

Төмендегі сурет ғимараттың ашылу салтанатында түсірілген. Салтанатты отшашуды тамашалауға өнер саласында жүрген ең танымал адамдар шақырылды. Қонақтар туындыға «Америка тарихындағы ең үздік ашылулардың бірі» деп баға берді.

Фрэнк Геридің қиялынан туған дүние бір сәтте күллі әлемді аузына қаратты. Қараңызшы! Мына ғимарат жел үрлеп тұрған желкенге, тіпті, кейде гүлге ұқсап кететіндей болады.

О баста оған түскен күн сәулесінің шағылуы тұрғындарға кедергі келтірген. Жақын маңдағы тұрғындар үйлерінің тым ыстық болып кететіндігіне шағым айтқан. Панельдердің әсерінен болған жарық автокөліктерге де кері әсерін тигізді. Алайда, бұл мәселе жұқа құм қабаттарының көмегімен өз шешімін 2005 жылы тапты.

Ғимараттың ең басты мақтанышы — 2265 орындық зал. Ал оның дизайынын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Мұнда аяқ басқан кез келген тыңдарман сиқырлы кемеге мініп, музыканың жұмбақ әлемінде жүзіп жүргендей сезімде болады екен.

Бұл жерде концерттік бағдарламалар өткізіліп қана қоймай, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, 2003 жылы «Матрица: Революция» фильмінің таныстырылымы осы жерде өткізілген болатын.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz