АСТАНА. 23 сәуір. BAQ.kz — Тәртіп сақшылары Костромск облысында екі бұзақыны қолға түсірді. Ленинге бас киім кигізбек болған олар, ескерткішті басынан айырды, деп хабарлайдыҚазақпарат.
Нея қаласының жергілікті қос тұрғыны Лениннің туған күнін ащы сумен атап өтіп, оған «сыйлық» жасауға бел буған. Олар қалалық саябақта орнатылған пролетариат көсемінің мүсініне бас киім кигізуге ұйғарады. Мүсінге өрмелеп шығу үшін ер адамның бірі екіншісін иығына мінгізіп көтерген. Әлгі ескерткіштің басына жармасқан күйі онымен бірге жерге құлаған.
Ескерткіштің басы мен масайған екеу полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бүгінде оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Фото: publicpost.ru