2015 жылдан бастап мектеп бітірушілер ҰБТ-да қазақ тілінен міндетті түрде тест тапсырады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы Серік Ырсалиев хабарлады. «Шәкірттер 2015 жылдан бастап міндетті пән ретінде қазақ тілінен тест тапсырады, қалған төрт пән жыл сайын ауысып тұрады» деді комитет төрағасы.