Кез келген адам өзінің қартаюына, науқастануына, алжуына ерекше алаңдайды. Ұлыбритания «Күнделік пошта газетінің» хабарына негізделгенде, адам орта жасқа келгенде кейбір дене мүшелері әлсірегенімен, үлкен ми ерекше қалыпты күйде болады екен.
АҚШ зерттеу мекемесінің 1956 жылдан басталған ұзақ ғұмыр сүруге қатысты зерттеуі ең ұзын, көлемі ең кең, ең кемелді зерттеулердің бірі. Бұл 6000 адамның ақыл-қабілетін 40 жылға таяу күзеткен. Ал зерттеу қорытындысына қарағанда, 40 жастан 60 жасқа дейінгі аралықта адамдардың ең күрделі әрі маңызды болған ақыл-ой, қабілет жағындағы бейнесі ең жақсы болады екен. Өзінің 20 жастағы талантынан әлдеқайда зор болатын көрінеді. Ал бұл зерттеуде тағы адам өмірінің ең жақсы мезгілі де айтылған. Ерлер үшін 50-60 жас аралығы ең жақсы жас мезгілі, ал әйелдердің 60 жастағы уақыттары ең жақсы жас мезгілі болады екен.
Адам орта жасқа кіргенде, жастарда жоқ көптеген абзалдылыққа ие болып, қызмет, тұрмыс жағында әлдеқайда дұрыс тұжырым жасайтын, оң және сол жақ миды бірдей істете алатын, алдағы күндерге үміткерлікпен қарайтын болады екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
http://massaget.kz/