АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«ХИМФАРМНЫҢ» САУДА БЕЛГІСІ — «САНТО»

ИндусШымкенттегі 130 жылдық тарихы бар «Химфарм» акционерлік қоғамына келдік. Зауытта Үдемелі индустриялық-инновациялық бағлдарлама аясында біршама жұмыстар атқарылды, әле де алда ауқымды жобаларды іске қосу мақсатында жұмыс істеп жатыр.   Қазір акционерлік қоғам «Санто» сауда маркасымен өнім шығаруда. «Химфарм»  «Полфарм» компаниясының  тобына  енген.

«Біссімілла» дегеннен Бас директор Владимир Грыглеевич  зауыттың алдағы жоспарлары туралы асықпай, әдемі әңгіме айтып берді. Фармацевтикалық кәсіпорынның  индустриялық-инновациялық даму барысы туралы сөз сабақтады. Ол:

—        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жасалған Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның іске асырылу деңгейі бізде жоғары деп айта аламын. Команиямыз алдағы жылдарға арналған  инвестициялық бағдарлама жасаған. Ол республика бойынша жасалған бағдарламаға енді. Соның аясында ампулалық-инфузиялық жоба іске асырылды. Антибиотиктер шығару одан әрі дамыды. Антибиотиктердің қуаттылаулары шығарыла бастады. 2-3 түрлі жаңа антибиотиктер дайындау жолға қойылды. Дәрі-дәрмектердің қатты түрлерін көбірек  өндіруге кірістік. Сироп түрінде шығарылған емдік дәрілерді  көбейттік, -деп бастады сөзін.

-Фармацевтикалық кәсіпорын үшін зертханалардың маңызы үлкен. Инвестициялық бағдарлама аясында қосымша инфраструктуралар ретке келтірілді. Мысалы, электр жүйесі жаңартылды. Суды дайындау осы жүйемен іске асырыла бастады. Жылу жүйесі жаңарып, іске қосылды. Жолдар реттелді,-деді Владимир Грыглеевич.

Бас директордың сөзіне қарағанда, кәсіпорында іске асырылып жатқан инвестициялық бағдарлама аясында ампулалар мен инфузия  өндірісіне 4,7 миллиард теңге қарастырылған екен.  Шымкенттегі ірі кәсіпорында жылына 350 миллион ампула түріндегі, сондай-ақ 4 миллион инфузиялық қораптағы дәрі-дәрмек өндіріледі.

Үдемелі индустриялық-иннвациялық бағдарлама аясында  Шымкенттегі «Химфарм» АҚ-ы «Санто» сауда белгісімен өнім шығаруды айдан-айға, жылдан-жылға арттырып келеді. Өндірістік қуатын елеулі дәрежеде арттыра бастады.

-Осында шығарылатын дәрі-дәрмектердің сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді мықтап қолға  алдық.Жаңа техникалық және өндірістік қуаттар игерілуде. Соның нәтижесінде өндірістік қутымыз артты,-деді кәсіпорыннның сапа жөніндегі директоры Лариса Бочкунова.

Лариса бізге GMP туралы егжей- тегжейлі айтып берді.

-Фармацевтикалық кәсіпорын үшін дәрілердің сапасы ең маңызды мәселе болып табылады. Бұл жерде майда-шүйде деген болмайды. Сапасы төмен болса шығарған дәріні пайдаланған сырқат немесе бала ауру жамап алуы мүмкін. Мұндай жағдайлар кезінде АҚШ-та, бірқатар басқа да елдерде болған. Сондықтан әлемде фармацевтика өндірісіне GMP-нің нормалары мен талаптары ендіріле бастады. Біз де сол талаптарды бұлжытпай орындауға көштік,-деді Лариса  Бочкунова.

Кәсіпорында  инвестициялық бағдарлама аясындағы  жұмыстар график бойынша  тиянақты атқарылып жатқанын көзімізбен көрдік.

Инвестициялық бағдарлама аясында іске қосылған ампулалық дәрілер шығаратын жаңа цехқа бардық. Мұнда кірудің өзі қиямет қиын. Бірінші бас киміңді, аяқ киіміңді бір рет қана пайдаланылатын арнайы бахила сияқты нәрсемен орайсың. Одан соң «халат» киесің. Ол да бір реттік. Мұнымен де іс бітпейді. Одан кейін арнайы жабдыққа барып, қолыңды, басқа да ашық жерлеріңді залалсыздандырасың. Осы үшін орнатылған қондырғының тетігін шынтағыңмен түртіп қалсаң алақаныңа әлдебір сұйықтық құйылады. Соны жағасың. Содан соң барып цехқа енуіңе болады. Бірақ ампула жасалып жатқан негізгі өндірістік учаскеге бара алмайсың. Жұмысты шыны сияқты заттың сыртынан көріп, суретке түсіріп алуыңа болады.

Жұмысшыларды, технологты, цех бастығын «сыртқа шығып кетіңіз», деп шақыра алмайсың. Олар қайта-қайта тазаланып, дезинфекцияланып, дәрігердердің тілімен айтқанда «стерильный» күйінде  ішке кірген адамдар. Ал сен қанша жерден әркет жасағаныңмен ондай дәрежеде «стерлиленбейсің». Осыған қарап-ақ дәрі шығарудың жауапкершілігін сезінесіз.

Жақын болашақта Шымкенттегі «Химфарм» АҚ-ы онкологиялық сырқаттарға арналған дәрі-дәрмектерді де шығара бастамақшы.

Не керек, кәсіпорын басшыларымен, мамандарымен әңгімелестік. Іске қосылған инвестициялық жобалармен таныстық. Құрылыс жүріп жатқан цехтарда болдық. «Қазақстанға Шымкенттегі «Химфармда» қолға алынған инвестициялық жобаларды іске асыру не береді?» деген сұраққа жауап алғымыз келді.

Бұл сұраққа Бас директор Владимир Грыглеевич тиянақты жауап берді.

Хим

       -Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында Шымкенттегі  «Хамфарм»   акционерлік қоғамында атқарылып жатқан жұмыстар  жақын жылдардың көлемінде мемлекет көлемінде тұтынушылар пайдаланып жүрген фармацевтикалық өнімдердің кемінде 50 пайызын Қазақстанда өндіруге мүмкіндік береді. Республика аумағында шығаратын дәрі-дәрмектің сапасының жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Жергілікті жерде өндіріліп жатқандықтан оның бағасы мен сапасы сәйкес болады. Халықаралық сапа стандарттары енгізілгендіктен Қазақстанда шығарылған өнімдер шет елдерге экспортталады,-деді бас директор. Ол бизнестің корпоративтік жауапкершілігіне де тоқталды.

-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясымен ынтымақтастық орнатылды. Ғылым қорымен, Астанадағы медициналық университетпен  өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Енді Назарбаев университетімен меморандум жасауды жоспарлап отырмыз,-деді.

«Санто» сауда белгісімен өнім шығарып, халықаралық  GMP сапа стандарттарын енгізіп жатқан республикадағы ең ірі фармацевтикалық компанияның Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша тағы да бірнеше жобаны қолға алып отыр. Қазір олардың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Бір цех алдағы қара күзде пайдалануға тапсырмақшы. «Оның ашылуына инвесторымыз Мемлекет басшысын шақырып қойды», деді зауыт басшыларының бірі. «Соңғы инвестициялық жобаларды әрі кеткенде 2015 жылға дейін аяқтаймыз деп отырмыз», дейді олар. «Химфарм» толық жаңарғанға дейінгі барлық инвестициялық жобалардың жалпы құны 10,3 миллиард теңгені құрайды екен.

Қазір «Химфарм» акционерлік қоғамында 1121 адам жұмыс істейді. Алматыда компанияның бөлімшесі бар. Қазірдің өзінде Шымкентте олар 200-ден астам фармацевтикалық өнімдер шығарады.  Акционерлік қоғамның 17 қалада 150-ден астам медициналық өкілдері бар.

-Үдемелі индустриялық – инновациялық бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарымыз толық аяқталған кезде Қазақстандағы фармацевтикалық рынок мүлдем өзгереді, жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Әлемде осы сала бойынша өзінің лайықты орнын алады,-деді «Химфарм» АҚ-ның сапа жөніндегі директоры Лариса  Бочкунова.