АЛТЫНОРДА
Новости

Әблязовке несие алуға рұқсат берілді

434_c9d20361fc3828cf5471e08601ec3af6Астана. 30 шілде. Baq.kz – БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовке адвокаттардың қызметіне төлеу үшін несие алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды британдық The Lawyer басылымы.

Лондондағы апелляциялық инстанцияның соттары Әблязовтің барлық активтерін жабу оның несие алуына кедергі келтірмейді, деп бірауыздан шешім шығарды. Мұның алдында экс-банкирдің қорғаушысы Әбләзовке үшінші тұлғалардан несие алуға рұқсат беруді сұрап, сотқа өтініш білдірген болатын.

Бұрын хабарланғанындай, Лондонның жоғарғы соты Әблязовтен қосымша материалдар алудан бас тартқан еді. Оған БТА банктен 6 миллиардтан астам доллар ұрлады деген айып тағылып, 2009 жылы Әблязовке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге саламыз, Испания соты Әблязовтың күзет басшысы Александр Павловты Қазақстанға қайтару туралы шешім шығарған еді. Ол әлеуметке Қазақстанның құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүрген, экс-банкирдің сенімді өкілі ретінде таныс. Павлов бірнеше лаңкестік пен қаржы жымқыру қылмыстарына қатысы бар деп айыпталды.

 

http://www.baq.kz