АЛТЫНОРДА
Новости

Америкалықтардың жартысынан астамы Сириядағы соғысқа қарсы

434_9f9c6d231994f02863bed572c63a5ed6Астана. 4 қыркүйек. Baq.kz – АҚШ-та жүргізілген сауалнама деректеріне сәйкес, америкалықтардың жартысынан астамы Сириядағы азаматтық соғысқа АҚШ-тың араласуына қарсы шығып отыр.

Ал қолдағандар бар болғаны 19 пайыз, 25 пайызы үкіметтің қай шешімімен келісетінін білмейді.
Егер Сирияда химиялық қарудың қолданылғаны рас болса, онда АҚШ Сирия азаматтарына көмек беруі керек дейтіндер саны артады. Соның өзінде бар болғаны 29 пайызға көбейген. Халықтың 49 пайызы соғысқа қарсы шыққан.
Естеріңізге саламыз, 3 қыркүйек күні АҚШ Конгресінің екі палатасының жетекшілері Сириядағы соғысты қолдап, сөз сөйлеген болатын.

Ғабит ҚАРАБАЙ

http://www.baq.kz/kk/news/35105