АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ Кедендік одаққа қарсы

462213_1380865997_300_0_0АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қызметінен кетіп бара жатып Хиллари Клинтон ханымның былай дегені бар «Алдағы уақытта Америка «Кедендік одақ немесе еуразиялық одақ» деген атпен құрылатын Кеңес Одағының кез-келген жаңа нұсқасының өмірге келуіне барынша кедергі жасайды. Бұл үшін Ресей билігі экономикалық интеграцияны алға тартатын болады. Бірақ біз оның қандай мақсатты көздейтінін білеміз және  бұл процесті баяулататын не мүлдем болдырмай тастайтын әрекеттерді кешіктірмей қолға аламыз».

АҚШ үкіметінің Еуразиялық одақ жобасына неліктен қарсы болып отырғанын түсіну қиын емес. Олар Еуразияда халықаралық істерге ықпал ете алатын, әскери-экономикалық қуаты мен салмағы жағынан кеңес одағына келіңкірейтін тағы бір жаңа күштің пайда болатынынан қауіптенеді.

Кеңес одағы келмеске кеткенімен оның геосаяси қарсыласы болған Америка әлі үрейден арылған жоқ. Бұған себеп,  коммунистік  режимді сағынышпен еске алатын, жатпай-тұрмай сол дәуірді  аңсайтын азаматтар қазіргі ТМД аумағында өте көп. Мәселен, өзін қызыл империяның бірден бір мұрагері санайтын ресейде жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың жетпіс пайызға жуығы Кеңес одағының құлауын өткен ғасырдағы ең үлкен қателік санапты.

Ал Путин бұл одақтың құлауын «ХХ  ғасырдағы ең үлкен геосяси апат» деп бағалағанын білеміз .Дегенмен біз оны болашақ одақтың алғышарты дегіміз келіп отырған жоқ. Көп адамдар Путиннің бастамасын әуелде осылай қабылдаған. Бірақ құлаған империяны қайта құру енді Ресейдің ешқашан қолынан келмейді. Осыны әркім түсінуі тиіс. Оған дәл қазір Ресейдің шама-шарқы да, экономикалық әлеуеті де мүмкіндік бермейді.

Орыстардың аяқ алысын аңдыған амрикалықтарда уақытша осындай қорытындыға келген сияқты. Алайда, олар болашақта тағы не ойлап табар деген оймен Путиннің әр қадамын аңдып отыр. Қайткенмен «үш рет кессе де жыланның кесірткелік күші қалатыны» рас.

Жолымбет Мәкішев

http://ult.kz/