АЛТЫНОРДА
Новости

2020 жылға қарай Қазақстанда 29 мың шақырым жол жөнделеді – А.Жұмағалиев

19760b3a5b25101ef1db666ae1d78cab 2020 жылға қарай Қазақстанда 29 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл жөнінде бүгін Мемлекет басшысының 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Министрлің айтуынша, биылғы жылы 5898 шақырым, оның ішінде 3485 шақырым республикалық маңызы бар жол жөнделді. Бұл мақсатқа 310 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде жолдардың жай-күйі 2 пайызға жақсармақ.

«Президент тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Оның аясында 2020 жылға қарай жалпы қолданыстағы жолдардың 29000 шақырымын жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді А.Жұмағалиев.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

BNews.kz «www.bnews.kz».