АЛТЫНОРДА
Новости

«Әлем миссі» байқауында Қазақстанның намысын «Алматы аруы» қорғайды

621f2b47eb72a2c944068c9b415f74aaБиылғы «Әлем миссі» байқауында Қазақстанның намысын «Алматы миссі – 2013» байқауының жеңімпазы Әйгерім Қожахан қорғайтын болды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматыдағы осы байқаудың директоры Совет Сейітов мәлім етті.

Оның айтуынша, халықаралық сұлулық байқауына «Қазақстан миссі-2013» тәжінің иегері баруы міндетті емес, сонымен қатар қазақстандық сұлулық байқауы мен «Әлем миссі-2013» шамамен бір уақытта өткелі жатыр, сондықтан «Қазақстан миссі-2012» байқауының жеңімпазы шымкенттік Жазира Нұрымбетова отандық шараға қатысуға міндетті.

«Желтоқсан айының басында Қазақстан аруы Алматыда өтеді және өңірлердің ең сұлу арулары осында жиналуы тиіс. Алматының миссі осынау байқауға қатысатынына мен аса қуаныштымын. Ол сондай-ақ «Қазақстан миссі-2012» байқауының финалисті болып табылады», — деді С.Сейітов.

Ол сондай-ақ әлемдік деңгейдегі сұлулық додасына не себепті былтырғы жылдың аруы емес, «Алматы миссі-2013» байқауының жеңімпазы баруы тиіс деген ойда қалғандары жасырын емес дейді. «Әйгерім жеңіске жеткенде, Астананың қызы Алматы миссі болды деген сөз тарады. Мынадай ереже бар: тыйым салынбаған нәрсеге рұқсат бар. Меніңше, халықаралық байқауда оның ел намысын қорғай алатын мүмкіндігі зор»,- деп қорытты С.Сейітов.

Ал Әйгерім Қожаханның қазақстандық сұлулық байқауына қатысу міндеттілігіне тоқталатын болсақ, оның атынан байқауға Алматының бірінші вице-миссі Юлия Лукина мен Алматының екінші вице-миссі Айдай Исаева қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлем миссі-2013» халықаралық сұлулық байқауы Ресейде ағымдағы жылдың 9 қарашасында өтеді.


BNews.kz «www.bnews.kz».