АЛТЫНОРДА
Новости

Берлиндегі супермаркетке кокаин салынған қораптар жеткізілген

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz – Германия астанасы Берлиндегі бес бірдей супермаркеттің иелері кокаин салынған қораптарды алып, аң-таң болды. Алып дүкендерге жеткізілген ерекше тауар қораптарға банандармен бірге салынған екен.

«Есірткінің жалпы салмағы 140 келіге тартады. Демек, оның «қара базардағы» құны 6 миллион еуроға жуық», деп мәлімдеді жергілікті полиция. Осылайша, бұл соңғы 15 жылда Германияның тәртіп сақшылары құрықтаған ең ірі есірткі партиясы болды. Қолда бар деректерге сәйкес, контрабандалық тауардың неміс жеріне Колумбиядан жеткізілгені анықталды. Бірақ, логистикалық қателік салдарынан есірткі иесіне жетпеген. Жергілікті полиция қазір оның кім екенін анықтауда.

 

http://baq.kz/kk/news/41852