АЛТЫНОРДА
Новости

Казнет сұлуы анықталды

Астана. 20 қаңтар. Baq.kz – Miss.Kz сайтының жыл сайынғы интернет байқауында 2013 жылы 20 жастағы алматылық Салтанат Бекжігітова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Miss.Kz байқауы 2013 жылдың қаңтарында басталған болатын. Әр ай сайын ғаламтор пайдаланушылары ең сұлу аруды таңдап отырған. Салтанат Бекжігітова -«Қазан айының аруы». Ал жыл соңында ақтық сынға шыққан 12 қыз онлайн-дауыс беру арқылы таңдалған. Соңында 2273 дауыс жинаған Бекжігітова хас сұлулар арасында топ жарған. «Вице-мисс» атағы Алматы тұрғыны Салтанат Тыныбаеваға бұйырған. Ол 1863 дауысты иеленген.

Салтанат Бекжігітова «Мисс Алматы-2010» және «II Вице-мисс Қазақстан-2010» атақтарының иегері, Top Model Asia-2009, Miss Fashion TV-2012 байқауларының қатысушысы. HitTV телеарнасында жүргізуші болған. Қазір НТК арнасында «Ревю» бағдарламасын жүргізеді.

«Болашақ мамандығым менеджер. Менеджмент ұйымдастыру, жоспарлау және басқаруды қамтиды. Осыдан келіп, мен өзімді ұйымшыл адаммын деп білем. Уақытымды тиімді пайдалана аламын. Мәскеуде туылып, Алматыда өскенмін. Алдыма қойған мақсатқа жетуде аянып қалмаймын», — дейді Салтанат.
http://baq.kz/kk/news/42372