Астана. 20 қаңтар. Baq.kz – «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина президенті Виктор Януковичпен кездескендігін айтты. Мемлекет басшысы арнайы комиссия құрып, елдегі саяси дағдарысты шешуге уәде берген.
Украинаның Қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында Кличко елдегі жағдайдың ушығып кеткендігін және халық азаматтық соғыстың алдында тұрғандығын мәлімдеді.
«Қазіргі мемлекеттік жүйе халыққа жұмыс істемейді, ол тек биліктегілерге ғана жұмыс істеп тұр» деді «УДАР» партиясының көшбасшысы.
Айта кетейік, 19 қаңтар күні кешке Киевте қақтығыстар қайта белең алды. Салдарынан көтерілісшілер тарапынан да, тәртіп сақшыларынан да жарақат алғандар бар.
http://baq.kz/kk/news/42360