Мен бірнеше керемет цифрлар мен фактілерді естеріңізге салғым келеді, олар көптеген көрсеткіштер бойынша Ресейдің Европа түгіл, Азияға да кірмейтінін көрсетеді. Мен бірнеше керемет цифрлар мен фактілерді естеріңізге салғым келеді, олар көптеген көрсеткіштер бойынша Ресейдің Европа түгіл, Азияға да кірмейтінін көрсетеді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық, өмір ұзақтығы, ғылымға инвестиция деңгейі және басқалары бойынша — біз Африкадамыз!
Одан да сорақысын айтайын — мұндай теңеуге біз емес, африкалықтар ренжуі тиіс. Африкалықтар өздерінің мұндай артта қалушылықтарын түсіндіре алады: өйткені оларды төрт ғасыр бойы түрлі «келімсектер» — расистер мен колонизаторлар аяусыз қанап, қырды, ал бізге, орыстарға, соңғы төрт ғасырда өзімізден басқа, кім тырнағын батырды?
Біз көп ретте статистикаға мән бермейміз — қазір статистиканы келтіреміз — құрғақ цифрлардан күнделікті өмірді түсіну қиын.
Алайда бүгінде Ресей аумағында орын алып отырған трагедияның ауқымы орасан болғандықтан мен сіздерді мәселеге байыпты қарауға шақырамын.
Ресейдегі өлім
- Соңғы 20 жылда Ресейде 7 млн. астам орыс қайтыс болды. Осы көрсеткіш бойынша біз Бразилия мен Турциядан 50 пайыз, ал Еуропадан бірнеше есе озып кеттік.
- Жыл сайын Ресейде қаза болатын адамдар саны жағынан Псков сияқты облыстың немесе Краснодар сияқты қаланың халқына пара пар.
- Адамдардың өзін өзі өлтіруі, улануы, кісі өлтіру мен қайғылы жағдайлардың саны бойынша қалыптасқан жағдай тек Ангола мен Бурундидегі ахуалмен салыстыруға келеді.
- Ерлер өмірінің ұзақтығы бойынша Ресей әлемде шамамен Бангладештен кейінгі 160 орынға жайғасқан.
- Халық азаюының абсалюттік өлшемі бойынша Ресей әлемде 1 орында тұр.
- БҰҰ бағалауы бойынша, 2025 жылға қарай Ресейдегі халықтың саны бүгінгі 143 миллион адамнан 121-136 миллионға дейін қысқаруы мүмкін.
Отбасы дағдарысы
- Қарттар үйінде тұрып жатқан 10 қарияның 8-нің оларды асырауға қабілетті туыстары бар. Бірақ соған қарамастан, олар қарттар үйіне тапсырылған! Туыстары олардан бас тартты.
- Бізде 2-ден 5 миллионға дейін панасыздар бар (Ұлы Отан соғысынан кейін олардың саны 700 мың болаптын).
Қытайда 1,5 миллиард халыққа тек 200 мың панасыз келеді, яғни, бізден 100 есе аз!
Міне, қытайлықтар балаға қалай қарайды! Ал қариялар мен балаларға қамқорлық — елдің өрлеуінің белгісі.
- Балалар үйіндегі 370 мың баланың 80 пайызының тірі ата-аналары бар.
Бірақ олар мемлекет асырауында! Жалпы, мен мұны қылмыс деп санаймын.
- Біз әлемде ата—анасы тастап кеткен балалардың саны бойынша 1-ші орындамыз.
Осы цифрлардың барлығы еліміздегі отбасы құндылықтары құлдырауының көрінісі …
Балаларға қарсы қылмыс
- РФ Тергеу комитетінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы 100 мың кәмелетке толмаған балалар қылмыс құрбаны болған, — олардың ішінде, 1700 бала зорланған және өлтірілген (осы цифрлар бойынша, біз, тіпті, Оңтүстік Африкадан асып түсіппіз). Демек, бұл Ресейде күнделікті 4-5 бала өлтіріледі деген сөз.
- 2010 жылы Ресейде кәмелетке толмаған балаларға қарсы 9500 жыныстық қылмыс жасалған — олардың ішінде 2600 зорлау, 3600 күштеп жыныстық қатынасқа түсу (8 жылдың ішінде жыныстық қылмыс 20 есеге дейін артқан).
Бұл қылмыстар түрі бойынша біздің алдымызда тек Оңтүстік Африка тұр.
Наркомания мен Алкоголизм
- Жыл сайын 30 мың (шағын қалашықтың тұрғындары) ресейлік азамат есірткіні шекті мөлшерден артық пайдалану салдарынан қайтыс болуда.
- Арақтан жыл сайын 70 000 адам өлімге ұшырауда.
Ауғанстандағы соғыс жылдарында қаза болған сарбаздарымыздың саны14 000! - Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әр ресейлік азаматқа жылына 15 литр таза спирт келеді екен, ал таза алкагольді тұтыну мөлшері әр адамға 8 литрден артық болса, онда ұлттың жойылу қауіпі туындайды.
Сыбайлас жемқорлық
Ресейдегі пара мөлшері он есе артып кетті, ал біздің олигархтардың бір бірімен Лондонда соттасуы әлемдік бизнес қауымдастықтығының алдындағы мазаққа айналды.
Құқықтық саладағы шарасыздық, тіпті, түрмеде қаза болған заңгер Магнитскийге қарсы қылмыстық іс қозғауға дейін әкеліп соқты, яғни, өліп қалған кісіні соттамақшы болған, әлбетте, ол өзін өзі қорғай алмайды ғой!
Еуропада мұндай даулы оқиға соңғы рет XVII ғасырда орын алған, ол кезде Кромвельді көрден қазып алып, дарға асқан — әділ соттан құтылмайтынын көрсетудің сыңайы болар!
Осы келтірілген цифрларға қарай отырып, ұлттық тектіліктің құлдырап кеткені туралы батыл айтуға болады, осының барлығына, түптеп келгенде, билік басындағылардың кінәсі.
Ал енді — сіздер білесіздер ме:
- Соңғы 10 жылда Сібірде 11.000 деревеня мен 290 қала жойылып кетті.
- Сібір мен Қиыр Шығыста тұрғындар тығыздылығы — 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді.
- Ресейдің Орталық бөлігіндегі орташа тығыздылық — 1 шаршы шақырымға 46 адам.
- Қытайдағы орташа тығыздылығқ — 1 шаршы шақырымға 140 адам.
- Жапониядағы орташа тығыздылығқ — 1 шаршы шақырымға 338 адам.
Біз кім үшін Сібір және Курил аралдарын жаулап алдық және дамыттық?
Қытайлықтар мен жапондықтар үшін бе, қазір солай болып отыр!
Осындай табиғи және су ресурстарына бай елдегі халқтың 50 пайызының кедейшілікте өмір сүруі масқара.
Бұл цифрлар мені қатты абыржытып отыр.
Сіздерде осындай ахуада деген үміттемін. Путинның бұл цифрларды білетіндігіне сенімдімін — қызығы бұл жөнінде ол не ойлайды екен?
Қаншалықты аянышты болса да, бұл ең жаманы емес, сірә, біз әлі шегіне жеткен жоқпыз, халық әлі бүгінгі өмірінен шошынып, өзіне өзі «біз қайда құлдырап барамыз?», деген сұрақ қоятын батылдық деңгейіне шыққан жоқ.
Біз үйлердің кіреберістеріндегі, әжетханалардағы сасық иіске көндігіп кеттік! Маңайымызда адам өлтіріп жатқанға да етіміз үйренді. Біз халықтың Ресей қалалары мен ауылдарында өз өмірі мен тұрмысы үшін жан алып, жан беріп жататынына да үйреніп кеттік.
Кущевскаяда туған журналист Анатолий Ермолин солай жазды да: «Егер Кущевскаяда бірден 12 адамды өлтірмей, әдеттегідей, елімізде болып жатқандай, екі адамнан бес рет кісі өлтірсе, мұны ешкім байқамаушы еді».
«Кущевка» тек Краснодарда емес, бүкіл еліміздегі ахуал екенін кім білмейді Ресейде! Түрлі «братоктар» — нақты билік, оларды сіздер жергілікті жиынның депутаттығына сайлайсыздар! Әркім өз ауылында кімнің «крутой» екенін, — кімнің полициямен, рокурормен байланысы бар екенін жақсы біледі.
Ішкіісминнің ондаған генралдарын, орта буындағы чиновниктерді, губернаторларды қызметтен қызметтен қуған Кремль тек сыбайлас жемқорлықпен күрестің сыңайын танытады.
Ол «мәрттік» жасап, жемқорларды ату жасасына кесудің орнына оларды Дубай және теңіз жағалауындағы демалыспен «жазалайды»! Шынымен билік осылай сыбайлас жемқорлықты жоямыз деп ойлай ма? Алайда, басқа жағынан қарасаң, бүкіл ел бойынша маңдайында «мен ұрымен» деген «айғайлап» тұрған жазуы бар кандидатты жергілікті билікке сайлайсыздар, артынан билік басындағылар неге жемқорлар деп таңданасыздар!
Халық биліктен құлаққа жағымды, алдаусыратын жауаптар мен адамның көңілін толтыратын кезекті уәделер емес, шындықты талап етуі үшін, халықтың (қайталап айтамын, халықтың, ойлауға қабілетті адамдардың шағын тобы емес!) жартысы қырылып, орыстыр Оралға дейін ығысысуы керек пе?! Оған жол бермеу үшін шындықты, ең алдымен, қазір бізге қаншалықты қиын екенін мойындау қажет!
Естеріңізге түсіріңізші: 1941 жылғы күйреу, — Сталин барлығын жасауға мәжбүр болды. 1956 жылы большевиктер ондаған жылдар бойы орын алған содырлық үшін жауап беру қажеттілігін сезген кезде, — Хрущев барлығын жасауға мәжбүр болды. Ал бүгін ел бұрын соңды болмаған демографиялық және моральдық күйреу алдында тұр!
Бұл факт көптеген жағдайлармен байланысты.
Оның ішінде, басты себептің бірі — 90-жылдардағы немқұрайды экономикалық саясаттың салдарынан 70 жыл ішінде жаңадан туындап келе жатқан кәсіпкерлік рухтан айырылған феодалдық сана-сезімдегі адамдар ешуақытта білмеген жерге жеке меншікке және капитализмге тап болып, не істерін білмей абдырап қалды.
Не істеу керек?
Журналист Михаил Берг блогында былай деп жазыпты: «Біз бір елде тұрамыз, бірақ бізде екі халық бар. Еркіндік пен әділ сайлау қажет, ойлау қабілетіне ие шағын топ және әлі «ұйқысын ашпаған» ресейлік көпшілік. Оларды бір бірінен күшті және қауіпті қорқыныш сезімі мен әлеуметтік сенімсіздік бөліп тұр … «Алаяқтар мен ұрылар партиясымен» күресіп, орыс тарихын былықтырған орыс чиновниктерін жазғыруға болады, бірақ орыс халқының басым көпшілігінің көптеген ғасырлар бойы өзінің іргелі сипаттамасын өзгерткісі келмейтіні өзгерте алмайсың!..».
Қаншалықты қаяулы болса да онымен келісуге мәжбүрсің. Тіпті, өзімнен мынаны қосқым келеді — сіздерді қанаушылар өздеріңіздің араларлыңыздан шығады!
Сондықтан мен сіздерді сілкіп, өздеріңден өздеріңізді шошытуға тырысудан басқа не істерімді білмеймін.
Юлия Латынина мені пессимист қана емес, сондай-ақ «демотиватор» деп есептейді, — менің ойымша, санасында өзін құтқаруға деген ұмтылыс бар адамды ғана ынталандыруға болады. А егер ол талып жатса, немесе летаргиялық ұйқыда болса ше? Кейде, адамды есіне келтіру үшін дәрігер оны бетінен шапалақпен ұрады.
Мен жауап ретінде не еститінімді білемін, — бірнеше рет естігенмін де, алайда мені оқитындар мен тыңдайтындардың үштен бір бөлігі менімен келіссе, онда РЕСЕЙ БАСҚА ЕЛ БОЛУШЫ ЕДІ.
Ресейге Ұлы Петр сияқты адамдарға олар көптен естімеген сөздерді айтуға батылдыққа ие көбасшы қажет, деген сенімдемін. Ол ащы шындық болады, өйткені Ресейдің алға жылжи алмайтындығын мойындау қиын, өйткені ол өркениеттік дамуда өзінің Еуропадан қаншалықта алыста қалғанын түсінгісі келмейді.
Ұлт көшбасшысы, саясаткер, саяси жауапкершіліктің орасан жүгін көтеріп келеді, сондықтан олардың еркін сөйлей алмайтындығын түсінемін.
Бірақ бүгін тек сүйектен өтіп, жүректен шыққан шынайы сөз феодалдық ұйқыда жатқан ұлттық сана-сезімді оята алады.
Тек осыны жүзеге асырғаннан кейін ұлт өзінің түйсікті даналығымен бүгінгі ахуалын түсініп, еліміз тап болған түпсіз тұңғыйықтан алып шығатын қатал жолды таңдайтын шығар.
Мен білмеймін, Владимир Владимирович Путин өзінің түбіне жететін осындай әрекетке бара ала ма? Ол қолына «темір тырма» алып, БАРШАНЫҢ заң алдындағы теңдігін жариялауға қабілетті ме? Ешкімге артықшылық бермей, түгелін. Егер қабілетті болса, оған Ресей Тарихының Пантеонынан құрметті орын тиеслі. Егер жоқ болса … білмеймін…
Мен орыспын, өз Отанымды сағынамын, бірақ мен оны «көріп тұрған жоқпын»!
Мен мақтан тұтатын отанымды көріп тұрған жоқпын.Мен наразы тобырды, бір бірінен қорқатын бөтен адамдарды ғаан көремін!
Мен Отанымды мақтан тұтқым келеді, бірақ мен ол үшін ұяламын!
Мен қашан соңғы рет Отанымды мақтан тұттым? Есімде жоқ! Бірақ мен ШЫНДЫҚТЫҢ біздің ұлттың қандай жағдайда екенінде екенін білемін, осы жайында ШЫНДЫҚ айтылса, ол менің кеудемді біздің хоккейшілердің Олимпиададағы жеңісінен артық мақтанышқа толтырады.Мәселен, сыбайлас жемқорлық, өмір ұзақтығы, ғылымға инвестиция деңгейі және басқалары бойынша — біз Африкадамыз!

Мен қашан соңғы рет Отанымды мақтан тұттым? Есімде жоқ! Бірақ мен ШЫНДЫҚТЫҢ біздің ұлттың қандай жағдайда екенінде екенін білемін, осы жайында ШЫНДЫҚ айтылса, ол менің кеудемді біздің хоккейшілердің Олимпиададағы жеңісінен артық мақтанышқа толтырады.