АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

Серік МӘЛЕЕВ. АЛДАҒЫ ОН ЖЫЛДА РЕСЕЙ ТЕРІСКЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ АУЫЗЫН АША ҚОЙМАС

серик малеевПрезидент Назарбаевтың Марат Тәжінды Мәскеуге жібергені орынды болып шықты. Біз өзіміздің «Алтынордамызда» Мемлекеттік хатшы Марат Тәжінді Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындау, қазақ саясатындағы ресейлік бағытты күшейтуге арналған амалсыз шара екенін айтқан едік. Украинада орын алған соңғы оқиғалар біздің болжамымызды толық растады.

Осы орайда, бүгінгі бүкіл әлемдік  оқшаулау жағдайында Путин бастаған ресейлік билік, ресейлік дипломаттар  Кремльдің соңғы әскери авантюрасын қолдауды талап етіп, қазақ Сыртқы істер министрлігінің есігін лажсыз қағатынына кәміл сенімдімін.

Алайда бұл жерде бір-ақ жауап болуы мүмкін – қазақтар кезінде Югославиядағы сепаратизмді қолдаған жоқ, біз өздерін республика деп жариялаған Оңтүстік Осетия мен Абхазияны таныған жоқпыз, ендеше, Қырымның Украинадан бөлінуін де қолдамаймыз.

Қазақстан әрқашан кез келген сипаттағы сепаратизмге қарсы болып келді, және қарсы бола береді. Бұл біздің бірізді және келісілген ұстанымымыз. Оның үстіне, Қырымдағы жағдайдың жауабынан сұрағы әлде қайда көп.

Осы орайда Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Вольфович Жириновскийдің Мәскеуде өзінің жақтастары алдында 2014 жылғы 23 ақпанда жасаған даулы мәлімдемесіне оралғанымыз абзал.

Сол кезде Жириновский ашықтан ашық.жақында тәуелсіз Украинаның бір бөлігі Ресейдің тоғызыншы округіне айналып, ал Қазақстан жері РФ-ның оныншы Ортаазия округіне кіретіні туралы айтқан болатын.

Біздің СІМ және біздің қазақ дипломаттары оқиғаның ізін суытпай ресейлік тараптан Жириновскийдің айтқан сөзіне құқықтық баға беруді талап еткен болатын, бірақ біз әлі ондай түсініктеме алған жоқпыз.

Бұл бір-ақ нәрсені білдіреді: Ресейдің Украинаға ашқан бүгінгі соғысы – Ресейдің Қазақстанға қарсы соғысы. Бұл жерде екіұшты тұжырымдаманың болуы мүмкін емес. Егер Ресей бүгін украиналық Қырымды, Севастопольді, Харьковті, Донецкіні басып алып, Ресей Федерациясының тоғызыншы Малороссийляық округін құру туралы жарияласа, онда келесі кезек Қазақстан мен Орта Азия республикаларына келеді. «Өгіздің басына келген күн бұзауға да туады» деген осы.

Алайда бұл Путиннің осындай кекшіл, пасық армандары жүзеге асса ғана, орындалуы мүмкін. Ал қазақтар қалай болса да, Еуразиялық одақтан бас тартуы керек, өйткені біз оған бір қатар орынды себептермен кіре алмаймыз. Міне, негізгі екі себеп.

Біріншіден, Кремльдегі кейбір басшылар армандағандай, біз Ресейдің оныншы округі болғымыз келмейді. Қажет болса, өзіміздің тәуелсіздігімізді украиндық бауырларымыз сияқты қолымызға қару алып, қорғауға дайынбыз.

Ал екіншіден. Біз бұлай келіскен жоқпыз. Әрі Қазақстан бүкіл әлем шеттеткен Солтүстік Коряены қолдайтын қайдағы бір Венесуэла емес. Ғапу етіңіз, жаңылысыппын, әлем аластатқан Ресей емес. Енді оның айырмашылыңғы жоқ. Біз үшін бедел қымбат.

Соңғы кезде бүкіл әлем қауымдастығы алдында путиндік фашистік Ресеймен достасу, онымен одақтастық туралы келісімге отыру, баскесер, қанішермен дос болғанмен бірдей. Бізге ешқандай пайдасы жоқ, ал жазаға теңдей тартыласың. Одан да ДСҰ-на кіргеніміз артық. Батыс қарайласар.

Оның үстіне, алдағы он жылда кейбір ресейлік әумесер саясатшылар көз салған еліміздің теріскейіндегі бес облысқа Ресей ауызын аша қоймас. Бұл үшін украиндақ бауырларымызға жеке рахмет айтамыз. Бүкіл әлем қауымдастығы Украина аумағының тұтастығына ара түскен сәтте, Кремльдегі оккупанттардың Қазақ Елінде жұмысы бола қоймас.

Аударған Қайрат Матреков