АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

40 КІСІНІҢ КӨЗ ЖАСЫ

пирамидаБатыс Қазақстан облысында 40 шақты азамат шығын әкелген қаржылық пирамида жойылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

«ІІД қызметкерлері орта және шағын бизнестен аса ірі мөлшерде қаражат жымқырған қаржылық пирамиданы анықтады. Пирамида құрушы өзін Қазақстандағы USAIDбағдарламасының өкілдеріміз деп таныстырған Алина Хакало, 2009 жылдан бастап Орал, Ақтөбе, Алматыда заңды тұлғалармен шағын және орта бизнесті дамытуға USAIDгранттарын беру туралы жалған келісімдер жасаған», — деді ІІД баспасөз-хатшысы  Оксана Каткова.

Мысалы, қаржылық пирамидаға ірі қатысушыларды тарту үшін алаяқ USAID-тің жоқ бағдарламасына кәсіпорындардың үлестік қатынас қағидасымен оларға басқалардан алдап алынған 1 млн және 40 млн теңге  беріп отырған.

О. Каткованың хабарлауынша, олар алған қаражаттың негізгі бөлігін ЕДБ арқылы А.Хакаложалған кәсіпорындарға ашқан шоттар көмегімен нақты ақшаға айналдырып алып жүрген.

Полицейлердің айтуынша, осы пирамидаға қатысқан 38 заңды тұлға анықталып, олар тексерілуде.

Қазір қылмыстың 9 эпизодымен қылмыстық іс қозғалған. Алданған кәсіпорындардың көрген жалпы шығыны, қылмыстық іс қозғалған материалдар бойынша 1 млрд теңге.

Полицейлер алаяқтан зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкіндігін теріске шығармайды. «ХакалоҚР ҚПК 132 б. бойынша Орал қалалық сот рұқсатымен ұсталып, 7 наурызда қамауға алынды. Осы қылмысқа қатысты сот-бухгалтерлің сараптама тағайындалып, қылмыстық басқа да эпизодттарын тергеу бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізілуде», — деді О. Каткова.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/