АЛТЫНОРДА
Новости Павлодара

Павлодарда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген азаматша сотталды

photo_120539Павлодар қалалық соты мүгедектерді көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген азаматтардың ісіне қатысты шешім шығарды. Сот өкілдерінің шешімімен З.Мудур есімді азаматшаны айыпты деп тауып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы да үш жылға дейін, шартты түрде сынақ мерзімімен екі жылға дейін темір торға тоғытылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі жандарды заңсыз жұмысқа тартып, өзінің «табыс көзіне» айналдырған. Басқаша айтсақ, мүгедектерді қайыр сұрауға итермелеген. Тергеу-тексеру нәтижесінде олар Павлодардағы тұрғылықты орны жоқ жандарға арналған мекемеге барып, мүгедектерді өздерінің үйіне тұруға шақырған. Кейін қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Дегенмен, бұл «бизнесі» көпке бармады.
Ақмарал Есімханова
Павлодар облысы

http://munara.kz/