АЛТЫНОРДА
Новости

Атырауда жүз жастағы әже балконнан құлады

АСТАНА. 31 наурыз. BAQ.KZ – Атырауда жасы жүзге келген кейуана өз үйінің балконынан құлап, қаза тапты. Бұл туралы «Ақ Жайық» газеті хабарлады.

Соғыс жылдарындағы қиыншылықты да бастан кешкен, одан кейінгі кездердегі ауыртпалықтарды да өткерген, сөйтіп, жүзге дейін ақылынан жаңылмай жеткен Анфиса Зарщикованың неге мұндай хәлге душар болғанын әзір ешкім білмейді.

«28 наурыз күні сағат 14-30-ға таман Атыраудағы Әуезов көшесі бойындағы №56 «а» үйдің 4 қабатынан бір әйел жерге құлап, жантәсілім етті», — деп хабарлайды басылым.

Мұның өзін өзі өлтіру ме, әлде бақытсыз оқиғадан болды ма, оны полицейлер анықтайды.

Белгілі болдғандай, Анфиса Исаковнаны 8 наурыз күні облыстық және қалалық әкімдіктер басшылары 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап кеткен екен.

 

http://baq.kz/kk/news/45219