АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Құрметті отандастар!

деньҚазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді ыстық ықыласпен Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтайды!

Бұл мейрам – халқымыздың ұйымшылдығы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің символы болып табылады. Аталған ұғымдар өмірімізге нық еніп, әрбір үй мен жанұяға бейбітшілік, тыныштық пен болашаққа деген сенім әкелді.

Бүгінгі күні бейбітшілік пен келісім – мемлекетіміздің, қоғамымыздың және Отанымыздың әрбір азаматы дамуының басты шарттары екені анық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси жігерінің арқасында еліміздегі этносаралық үйлесімділік Тәуелсіз Қазақстанның, оның алуан түрлі мәдениеттерінің, тілдерінің, салт-дәстүрлерінің күшеюіне өздерінің қайталанбас үлесін қосып отырған жүзден астам этностарды біріктірді.

Бейбітшілік пен келісім саясаты халқымызға ұлы тарихи мүмкіндікті ашты. Ол күш-қайратымызды біріктіріп, ырысы мол және гүлденген Қазақстанды құру үшін бірлесіп еңбек ету, ұрпақты өсіру, жарқын болашағымызды құру болып табылады.

Сондықтан, Қазақстан Президенті Ассамблеяның 21 сессиясында бейбітшілік  және рухани келісімнің бірегей мәдениеті – ұрпағымызға қалдыратын асыл қазынасы іспеттес біздің жалпыға ортақ мәдени мұрамыз екендігі жөнінде тағы атап айтты.

 

Қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді осы бүкілхалықтық мерекемен құттықтаймыз!

Өміріміз жарқын, аспанымыз ашық, еліміздің әрбір шаңырағында рухани жылылық пен молшылық болсын.

Қазақстан халқына мықты денсаулық, бақ-дәулет, бейбітшілік, ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне арналған   жақсы істер мен ырыс-береке көбейе берсін деп шынайы ықыласпен тілегімізді білдіреміз.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы