АЛТЫНОРДА
Новости

Ұлы Отан соғысы ардагерлері пойызда тегін жүреді

АСТАНА. 30 сәуір. BAQ.KZ – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Жеңістің 69 жылдық мерейтойына орай 2014 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында теміржол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауытынан шығарылған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен тегін жүру мүмкіндігіне ие.

Ардагерлер тегін билетті теміржол кассаларынан ала алады. Оның өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі екендігі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Айта кетейік, акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефоны арқылы алуға болады

 

http://baq.kz/kk/news/46613