АЛТЫНОРДА
Новости

КӨШКІН АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ДА БАР

Грузиядағы көшкін өткен жерден қазақстандықтар эвакуацияланды.Өткен тәулікте Грузияның Дарьял шатқалында көшкін жүріп, апатты жерден 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Грузияның ІІМ-нің мәліметтеріне сүйенген «Грузия жаңалықтары» агенттігі.
Оқиға орнынан қауіпсіз жерге көшірілгендердің ішінде Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінің алысқа қатынайтын көлік жүргізушілері болған. Олардың бәріне гуманитарлық көмек көрсетілді, жеке гигиеналық заттар мен азық-түлік таратылды.
«Қазіргі уақытта шетелдік жүргізушілер «Жоғарғы Ларс» шекаралық-өткізу пунктінің бағытында тікұшақпен эвакуацияланды. Сол жерден олар өздерінің жүк көліктерімен шекарадан өтіп, Ресей аумағына қарай өз жолдарын жалғастырады», — делінген хабарламада.
Грузияның ІІМ ТЖ департаментінің қызметкерлері оқиға орнында 24 сағаттық режімде іздеу-құтқару шараларын жүргізуде.
«Интерпрессньюс» агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан кемінде бес адам жоғалған деп саналады — ҚазАқпарат.

 

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/49378