АЛТЫНОРДА
Новости

Меркель мен Олланд Украина-Ресей келіссөзіне қосылды

Еуропа Одағы елдерінің басшылары Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы уақытша бітім мерзімі аяқталар алдында Ресей және Украина президенттерімен келіссөздер жүргізді.

Француз билігінің хабарлауынша, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Петр Порошенко арасындағы телефон арқылы келіссөздер екі сағаттан астам уақытқа созылған. Келіссөздер кезінде Киев ұсынған «атысты тоқтату мерзімін ұзартып, бітімгерлік жоспарын іске асыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шараларын жасау қажеттігі» талқыланған.

Кремльдің мәлімдемесінде президенттер Порошенконы Украинаның шығысындағы 30 маусымда аяқталатын бітім мерзімін ұзартуға шақырған. Украина президентінің айтуынша, ол бүгін Путин, Меркель және Олландпен жаңа келіссөздер өткізеді.

Бірақ, келіссөздерге қарамастан Украинаның шығысында қақтығыстардың жалғасып жатқаны туралы хабарланды. Ал Киевте мыңдаған демонстранттар атысты тоқтату режимін жойып, антитеррористік операцияларды жалғастыруды талап еткен акциялар өткізді.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=25439533