Ауғанстанның шығысында 8 шілдеде шабуыл кезінде НАТО-ның төрт сарбазы қаза тапты. НАТО халықаралық күштері қолбасшылығының хабарлауынша, сарбаздар «жау күштердің шабуылынан» қаза тапқан. Әзірге қаза тапқандардың қай елдің азаматы екендігі айтылмай отыр.
Ал Reuters агенттігі полицияға сілтеме жасап Ауғанстанның шығысындағы Парван уәлаятында болған жарылыста шетелдік алты әскери, он бейбіт тұрғын мен екі полиция қаза тапқан.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140708/330/330.html?id=25449211