АЛТЫНОРДА
Новости

Обама: Эстония ешқашан жалғыз қалмайды

АҚШ президенті Барак Обама Эстонияны АҚШ-тың Балтық бойындағы елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететіндігіне және НАТО-ның кез-келген мүшесін «шабуылдан қорғау» міндетіне берік екеніне сендірді.

Бүгін Таллинде Эстония президенті Томас Хендрик Ильвеспен кездесуден соң өткізген баспасөз жиынында Обама Ресейдің «Украинадағы басқыншылығы» туралы айтып, «Эстония ешқашан жалғыз қалмайды» деп мәлімдеді.

Обама Ресейдің Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыстардағы рөлі «НАТО-ның қорғаныс қабілетін жаңартып, нығайтудың маңызын түсінуге мүмкіндік беретінін» де айтты.

Эстония президенті «Ресей қақтығыстарға қатысы барын мойындап, дағдарысты реттеудің нақты қадамдарын жасауы тиіс» деді.

Томас Хендрик Ильвеспен кездесуден соң Обама Латвия президенті Андрис Берзиньшпен және Литва президенті Даля Грибаускайтемен кездеседі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140903/330/330.html?id=26564412