Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыс аймағында жұмыс істеп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушылары «Украина әскерилері мен сепаратистердің түн ортасында бірін-бірі минометпен атқылауы қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзу болып саналады» деп мәлімдеді. Бірақ бақылаушылар «атыс бітімнен мүлде бас тартуды білдірмейді» дейді.
ЕҚЫҰ өкілдері мәлімдеме жасаған уақытта Донецк әуежайын бақылауға алу үшін ұрыс жүріп жатқан.
Батыс ақпарат құралдары тілшілерінің Мариупольден хабарлауынша, 7 қыркүйекке қараған түні сепаратистердің артиллериялық шабуылынан қаланың шығысындағы Украина әскерінің тосқауыл бекеттері қираған. Мариупольдің өзінде бірнеше жерде өрт болған.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26571747