АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей миллиардері үйқамаққа алынды

Ресейдегі «Система» акционерлік қаржы корпорациясы (АҚК) директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенков «акция ұрлау және заңсыз ақшаның ізін жасыру қылмысына қатысы бар» деген күдікпен үйқамаққа алынған. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин хабарлаған.

Сейсенбі күні «Система» қаржы корпорациясы таратқан мәлімдемеде «Евтушенковке тағылған айыптың ешқандай негізі жоқ» екендігі айтылған. Сол күні Мәскеудегі «Система» АҚК орталық кеңсесінде тергеу амалдары жүргізілген.

Бұған дейін «ақшаны талан-таражға салған» және «заңсыз ақшаны заңдастырған» деген айыптар тағылған Урал Рахимов (Башқұрстанның бұрынғы президенті Муртаза Рахимовтың баласы) пен кәсіпкер Левон Айрапетянға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аясында Мәскеудің Басманный соты «Система» АҚК иелігіндегі «Башнефть» компаниясының акциялар пакетін тұтқындау туралы шешім шығарған.

«Форбс» журналының бағалауы бойынша, дәулеті 9 миллиард долларға бағаланатын Владимир Евтушенков Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде 15-орында тұр.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26589398