АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей өз әскерін Украинадан шығармай отыр

© 112.uaРесей әскері бөлімшелерінде ауыс-түйіс жүргізді, бірақ өз әскерін Украинадан шығарған жоқ, — деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз хатшысы (ҰҚҚК) Андрей Лысенко ВВС-дің Украиналық қызметіне.

«Бізде Ресей әскері Украина территориясында орналасқан өз бөлімшелеріне ауыс-түйіс жүргізіп отыр деген ақпарат бар. Бір бөлімді таратып, басқаларын кіргізіп отыр», — деді Лысенко. Оның сөзінше, Ресей өз әскерін әлі Украина аумағынан шығарған жоқ.

Сәрсенбі күні НАТО өкілі Джей Янсен Ресей әскерінің біразы Украинаны тастап кеткенін, бірақ әлі жекелеген бөлімшелері өз орындарында қалып отырғанын хабарлады. «Украина территориясында қалған ресейлік әскерилердің саны қанша екендігіне нақты баға беру қиын, өйткені шекараны көбінде ресейлік сепаратисттер бақылап отыр», — деді ол.

Янсен Украинамен шекарада мыңдаған Ресей әскері бар екендігін және Ресей Украинаға ізіне түсуі өте қиын арнайы әскер жібергендігін жеткізді.

Алайда Кремль Украина территориясында Ресей әскері жоқ деп мәлімдеп отыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Украинадан Ресей әскерін шығару тәрізді мәлімдемені НАТО-дағы аппараттың қатардағы қызметкері электронды пошта арқылы жіберген екен.

«Мен мынаны назарларыңызға салғым келеді, Украинада Ресей әскері бар деген тәрізді НАТО-ның кезікті мәлімдемесін бұл жолы әлдебір подполковник Джей Янцен деген жіберіп отыр. Ол өзінің «ресми мәлімдемесінің» мәтінін беделді Reuters ақпараттық агентігіне кәдімгі электронды поштамен жіберген. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады, НАТО-ның штаб-пәтерінде ауыс-түйіс басталуына байланысты, НАТО-ның Бас хатшысы Расмуссен мырза отставкаға кеткеннен кейін, соңында оның аппаратының қызметкерлері де «атын шығарғысы» келген секілді», — деп РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игор Конашенковтің сөзін келтірді.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sabaktar/resey-oz-askern-ukrainadan-shyigarmay-otyir-54771/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі