Адам басқа түскен қиындықтарынан және өмірлік тәжірибелерінен сабақ ала білу керек. Әсіресе, қыздар үшін күнделікті тұрмыста болып жатқан әр түрлі жағдайларды сана сүзгісінен өткізіп, ақыл таразысына салып отыру аса маңызды. Осы орайда назарларыңызға Италияның әйгілі актрисасы Моника Беллуччиден 13 кеңес ұсынамыз.
1. Сұлулық бізге өзіміздің махаббатымыз бен өміріміздің мәнін табуға және оны жан дүниемізбен үйлестіру үшін берілген.
2. Әйелдің сұлулығы тек екі жағдайда ғана проблемаға айналады. Бірі – әйелдің сұлулығы мүлде жоқ болғанда, екіншісі – сұлулығынан басқа ештеңесі болмағанда.
3. Қыздың сымбаты мен сұлулылығы сырт көзден жасырын тұру керек. Сонда ғана олар шынайы болады.
4. Біреуді сүюдегі ең басты нәрсе – өзара сыйласымдылық пен еркіндік.
5. Өзіңіздің шынайы қалпыңызды жақсы көре біліңіз. Ортаның көзқарасына байланысты өзгеруге тырыспаңыз.
6. Сізге қызғанышпен қарайтын адамдарды жек көрудің қажеті жоқ. Өйткені, олар сіздің әлдеқайда өздерінен жоғары екеніңізді мойындайды.
7. Егер өз сұлулығыңызды дұрыс пайдалана алсаңыз, онда ол расымен де сіздің қаруыңызға айналады.
8. Нәзіктік – бұл үйлесім, шынайылық және сезімталдық. Ол әрбір бойжеткеннің бойынан табылуы қажет.
9. Әйел өміріндегі ең маңызды нәрсе – сүю және сүйікті болу.
10. Әйелдің сұлулығы жасы ұлғайған сайын арта түседі.
11. Қыз жігіттің өзін шын мәнінде бақытты ете алатынына көзі жеткенде ғана, оған келісімін бере алады.
12. Қыздар сымбатына ерекше көңіл бөлуі керек.
13. Жасанды мінез-құлық пен жасанды жүріс – сүйкімсіздіктің белгісі.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/21906